Қыздардың қулығында шек жоққо! Бір рет дос қыз қонаққа шақырды үйіне. Жұмыртқа қуырып берді. Жай жұмыртқа емес, жүрек пішінді жұмыртқа. Формасын идеальный қылып жасаған жүрек қылып. Қалай жасадың десем кәдімгідей дит. Жұмыртқаны салғаннан кейін қасықпен түртіп отырасың жүрек қылып дит. Содан үйге барып 5 жұмыртқа салып пісіруге кірістім. Менікі жүрек емес, бүйрекпа бірдеме болып кетті. Тағы да 5 жұмыртқа салдым да жаңадан пісірдім. Тағы да не понятный зат болып кетті. Тағы бесеуін салып шамалы ұқсаңқырады жүрекке. Бірақ айналасы қисық болып шықты. Сосын алдым да тағы бесеуін салып түртіп отырып жыным келіп кетті. Сковородканың қақпағын тарс еткізіп жауып газды сөндіріп тастадым до конца пісірмей. Сөйтіп 20 жұмыртқадан біреуі де келіспеді. Сосын алдым да фотоларын жібердім ватсаппен. Неге мындай не понятный форма болып кете береді деп. Тыыыырқылдап күліп приколға тығып отырғо мені. Сөйтсем, ол дейтін кәдімгідей сковородканың формасымен домалатып пісіреді екен. Дайын болғаннан кейін жүрек форма қылып кеседі екен. Іші пысып мені приколға тыққысы келіп қасықпен түртесің деп айтқан сөзін қарашиш. Мен ақымақ мында давления болып жүрм неге жүрек шықпайд менікінен деп. Эх қыздар-ай қыздар-ай)) Азбантаев Мейрбек

Теги других блогов: прикол қыздар пісіру жүрек