Болар еді биік шыңға асқақтау
Болса егер "Әке" деген асқар тау
Менің әкем.... көргім да жоқ, білгім жоқ
Болмайд менде әкешімнен асқан жау
Кімге қалай көрінеді мағына
Түкіргенім, қорғасын құй жағыма
Соншалықты жаман қылған осындай
Әкешімді күткен күнім сағына
Отыратын терезенің алдында
Өлең айтып жалғыздықтан жабыға
Ол қайда деп сұрай қалшы қызыққа?
Жауабы жоқ! Сансыз сұрақ тағы да
Жұрт айтады қыдырғанын әкемен
Жұрт айтады сыйлығы деп әкелген
Жұрт айтады күткенін да жұмыстан
Мен не айтам?
Тыңдап тұрам алыстан
Қара түнек, қара бумер ішінде
Тығыламын үнсіз ғана күрсіне
Терезеден sovereign-да бұрқырап
Никотины қақталады тісіме
Жұрт сияқты мақтана алмай әкемен
Қүйіктерді мойныма сап көтергем
Жұрт сияқты мақтана алмай ісіне
Дәмін татып тұз-шекерді күрсіне....
Азбантаев Мейрбек
Біздің топқа тіркеліп басты жаңалықтарымыздан хабардар болыңыздар:
http://vk.com/studiafaktmedia.
http://vk.com/studiafaktmedia.
http://vk.com/studiafaktmedia.
http://vk.com/studiafaktmedia.