Өлемін деп кеткен қызым
Отыр әне буфетте
Ауыз толы тамаққа
Баунти бар пакетте
Өлетінің қайда жаным?
Май төгіліп етекке
Шығып едім алдынан
Қақалғаны салфетке
Не жыларын не күлерін
Білмим сендей мультикке
Кішкентай қыз секілдісің
Бәрін тақап тупикке
Білем, бойың өспейді
Тартылсаң да турникке
Бірақ жасың бірталай
Ісің қандай өрнекте?
Мені олай қорқытпа
Өлесің да бір күні
Ажалы бар әркімнің
Әңгіменің төркіні
Мінезіңді көрсетпе
Құрбыңа боп күлкілі
Талай әлі азғырып
Бейнелейді түлкіні
Ақылы жоқ олардың
Түсіп қалған шаригы
Өзі айтқан ақылға
Талай әлі налыйды
Тыңдама сен оларды
Қалай олар дамиды?
Қас кірпігін қиып тастап
Түсіп қалсын паригы
Адам құсап сөйлессең
Түсінемғо бәрін де
Нәзік болып наздансаң
Болам музаң әнің де
Сені ғана сүйеді
Бүкіл жаным тәнім де
Ашуыма тие берме
Болашақтық байым де
Аспандағы айым де
Әлдағандай болмаймын
Жылулығым дайын де
Холодильник қылмаймын
Сүйе алмасаң егерде
Мен жаныңда қалмаймын
Бірақ сені біліп қой
Әлі дағы қимаймын...
Азбантаев Мейрбек
Біздің топқа тіркеліп басты жаңалықтарымыздан хабардар болыңыздар:
http://vk.com/studiafaktmedia.
http://vk.com/studiafaktmedia.
http://vk.com/studiafaktmedia.
http://vk.com/studiafaktmedia.