Бай кедей деп бөлме бәрін айналаңда Шіренетін заман емес ойлағанға Сыйлағанның құлы бол деп асыл сөзге Шарасызды ешқашан да пайдаланба Достық құны валюта деп майдаланба Сезім құны мансабы деп айдалаға Қаңғып кетпе тура жолдан адасып Дені дұрыс адам қазір қалмағанда Бумерангпен қайтып келер алдағанда Қиянатшыл жәннат болып бармаған да Сыйлай білгін адамдарды бауырым деп Тиіп кетер біреу сені қарғағанда Кешірімді бола білгін адамдарға Ерме сені адастырар надандарға Иман деген зат емес қой сатып алар Гугл ашып тапсырыспен базарларда Кішіпейіл кішірейіп қалған емес Тәкаппарлық қасиетпен оңған емес Көкірегі қанша биік көтерілсе Шошқалардан сыйға келген бойға үлес Бонус қылып шайтан беред қалғандарын Сезілмейді қалай оған алданғаның Бір құдыққа түскеніңде шыға алмайтын Кеш көресің қалай сені қолданғанын Патриот деп әңгіме айтпайм өтіріктен Айтпаймын да қазақтарды өлтіріп кел Шынын айтсақ патриоттық сезім деген Кітаптағы әдемі сөз! Өтірікпе? Не жеймін деп оянғанда уайымдаса Кредитының жабу жолын таба алмаса Патриот деп бас кетіріп айтамынба? Проблемасы фашизмге дайындаса Бол демеймін патриот та Гитлер аға Әркімнің өз таңдауы бар ойлағанда Миы барлар тауып алад даңғыл жолын Жай ғана тек АДАМ бол деп қайғырам да.... Азбантаев Мейрбек Біздің топқа тіркеліп басты жаңалықтарымыздан хабардар болыңыздар: http://vk.com/studiafaktmedia. http://vk.com/studiafaktmedia. http://vk.com/studiafaktmedia. http://vk.com/studiafaktmedia.

Теги других блогов: продвижение SEO Google