Тағдырымды тапаншамен атар едім Өмірімді арқан жіпке асар едім Әттең бірақ, пендеміз ғой шарасыз Қажет болса шайтанға да сатар едім Қажеті не, мұндай өмір мәні кеткен? Тағдырымның бояуы да, дәмі кеткен Я Жаратқан! Кешіре гөр айтқаныма Өмір салты, қызығы да, сәні кеткен! Немен басам, күйіктерді жалындаған? Бір кусок та бақыт маған қалдырмаған Кім үшін деп, не үшін деп, тіршілікте Өмір сүрер үміт кетіп азғындаған Бұрын болды, сүйіктім деп талпынысқан Таңдауымнан қателестім асығыстан Кімім қалды болашақ деп ойландырар? Мен жеңілдім сезім атты қақтығыстан Әке-шеше дерсің бәлкім артымдағы Менба екен бірдеңе істеп қатырғаны? Ақ сүтінен төгіп тастап унитазға Орындалмай қалды бәрі талпынғаны Менен күтті, жұрт сияқты талпынғанды Балама деп үйден сатып алтындарды Не бітірдім осы уақыт арасында? Жоғы артық, осы болса қатырғаны Кім баласын қияд дейсің өлімдерге? Пайдасы жоқ, жер астына көмілгенде Амалсыздан бәрі жақсы сөздерімен Өзін іштей талайы рет өлтірген де Жоғым артық! Көлеңке боп жүргенімше Ішім жылап, жұртқа жалған күлгенімше Құрып кеткір, өмір атты ағысында Бір қызықтың дәмін татып көрмедім ше? Бәрі жалған өтіріктер айналада Күнделікті әдет бәрі қайталанба Ақиқаты не ол екен көрсететін Әлде бәрі ақиқаттың қоймаларда? Кім бастығы, кімдер екен, салып қойған? Мен де білсем халықтарға айтып қоям Жоқ ештеңе! Елес бәрі, қиялдағы Өз өмірім өз қолымда, салып қоям.... Шаршап кеттім шаршаааап..... Азбантаев Мейрбек Біздің топқа тіркеліп басты жаңалықтарымыздан хабардар болыңыздар: http://vk.com/studiafaktmedia. http://vk.com/studiafaktmedia. http://vk.com/studiafaktmedia. http://vk.com/studiafaktmedia.

Теги других блогов: продвижение SEO Google